Сирияда президент Башар Асадтың әкесі Хафездің кесенесі өртке оранды (ВИДЕО)

12.12.2024, 14:33
630
Сирияда президент Башар Асадтың әкесі Хафездің кесенесі өртке оранды (ВИДЕО) AFP Photo

Хафез Асад – төңкеріс кезінде билікке келген диктатор басшы ретінде ел есінде қалған президент болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сирияда бүлікшілер биліктен тайдырылған президент Башар Асадтың әкесінің кесенесін бүлдіріп, қабірін өртеп жіберді. Интернетте видео мен сурет тарады. 

Мәліметтерге қарағанда, қарулы бүлікшілер тастан қаланған үлкен кесенеге Сирия оппозициясының туын алып кірді. Олар ғимараттағы әйнектерді сындырып, Хафез Асад моласына от қойды. Ішінде тұрған табытты далаға алып шығып, оны да өртеп жіберді. Кеңсесі Ұлыбританияда орналасқан Сирия адам құқықтары жөніндегі обсерваториясы (SOHR) мәліметті растады, деп хабарлайды Euronews. 

БАҚ мәліметінше, Башар Асадтың әкесі Хафез Асад 1930 жылы Жерорта теңізі жағалауындағы Латакия қаласы маңындағы Кардаха ауылында туған. Хафез Асад елді отыз жыл бойы әскер күшімен ұстаған. Ол билікке 1970 жылы төңкеріс нәтижесінде келген. 2000 жылға дейін ел басқарған. Хафез Асад билігі кезінде саяси бақталастарын қудалаған.

2000 жылы Хафез Асадты арнайы кесенеге жерлеген. Оның алдында осы кесенеге 1994 жылы жол апатынан қаза тапқан үлкен ұлы Басиль жерленген.

 

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды