Тағы қарыз аламыз: Қаржы қайда жұмсалады?

12.12.2024, 17:12
743
Тағы қарыз аламыз: Қаржы қайда жұмсалады? Midjourney көрнекі суреті

Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанға 600 миллион теңге сомасында қарыз береді. Бұл туралы бүгін Сенат отырысында айтылды.

Отырыста «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Инклюзивті және тұрақты экономикалық өсу» атты даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңы қаралып, мақұлданды.

Сенатор Нұрлан Бекеновтың айтуынша, бұл заң бюджет тапшылығын қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Биыл 11 қазанда қарыз туралы келісімге қол қойылды.

«Осы келісімге сәйкес Халықаралық қайта құру және даму банкі 84 миллиард жапон йенасы сомасында қарыз береді (600 млн). Өтеу мерзімі 2034 жылғы 15 қыркүйекке дейін, оның ішінде 2029 жылғы 15 наурызға дейінгі жеңілдік кезеңі.

Тартылатын қарызға қызмет көрсетуді және өтеуді Қаржы министрлігі Қарыз туралы келісімде белгіленген қаржылық шарттарға сәйкес кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен жүзеге асырады», - деді сенатор.

Қарыз қаражаты 2024 жылға арналған республикалық бюджет шеңберінде қабылданған мемлекеттің барлық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады