Көкшетаулық полицей америкалық рэперлерге продюсерлік еткен

Аиса Махамбет Редактор
12.12.2024, 18:46
697
Көкшетаулық полицей америкалық рэперлерге продюсерлік еткен жеке мұрағатынан

Бұрын полиция қызметкері болған Ақжол Жұмағұлов әйгілі Xzibit, Wiz Khalifa және Snoop Dogg деген рэперлерге продюсерлік етіп жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, америкалық рэперлермен қалай шығармашылық байланыс орнатқанын Tengri Life ақпарат порталына айтып берді. 

Айта кетейік, Көкшетауда қылмыстық істерді тергеуге араласқан Ақжол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында қызмет атқарып, аса маңызды істер бойынша аға тергеуші дәрежесіне дейін көтеріледі.

2019 жылы Ақжол "Болашақ" бағдарламасы бойынша Америкадағы университетке оқуға түсті. Алайда дүниежүзілік пандемия басталып кетеді. Одан кейін АҚШ-та қалуға мәжбүр болады. Сол сәтте ақша табудың жолын іздей бастайды. Халықаралық стипендиядан бас тартуға тура келіп, шығындарын өтейді. Сөйтіп, жүк көлігін сатып алып, кәсіпке бет бұрады. 

"Ақша таусылды, мен болашақтан не күтерімді білмедім. 2020 жылдың наурыз айында бір жүк көлігін сатып алдым. Қазір бізде 27 жүк көлігі бар, бірақ дағдарысқа дейін 53 жүк көлігі болды", – деді қазақстандық азамат.

Ол бос уақытында режиссер досымен жұмыс істей бастайды. Ақжол алғашында түсірілім барысын бақылағанымен, кейін продюсер ретінде белсенді түрде іске кіріскен. 

"Үлкен әртістермен жұмыс істеу қиын. Өйткені олардың негізгі мотивациясы ақша емес. Ал бізде керісінше емес пе?! Бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Рэперлермен келісім-шарт бірнеше рет бұзылған. Мысалы, Chris Brown бізбен емес, басқа продюсермен жұмыс істеу үшін қол қойды. Екінші рэпердің келіскенін күтеміз. Жұмысымыз уақыт пен шыдамдылықты қажет етеді. Xzibit және Wiz Khalifa-ның клипін дайындауға 6-8 ай уақыт кетті. Біз тендерге қатыстық, көптеген тексерулерден өттік. Біздің идеямыз бен сценарийіміз және бейнебаянымыз ұнап қалды. Ең қиын қатты қобалжытқан жобалардың бірі еді.

Xzibit, Ice Cube, Ice Spice, Chris Brown, Drake, Lil Wayne, 50 cent, Tyga, The Game-мен келісімдер жасасып жатырмыз. 50 cent-ке жұмысымыз ұнады. Оның менеджерімен қаржы мәселесін талқылап жатырмыз. Xzibit біздің жұмысымызға риза болды. Біз онымен келесі фильмді түсіруді жоспарлап отырмыз, егжей-тегжейлі талқылап жатырмыз. Менің жұмысым – жарнаманы іздеу, оларды орналастыру, – деп түсіндірді продюсер. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді