976

Биыл қанша қазақстандық емхана көмегіне жүгінді?

Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса дәрігерлердің көмегіне жүгінетініміз белгілі. Бұл ретте, жыл басынан бері қазақстандықтар емханаларға 103 млн-нан астам рет қаралыпты.

Биыл қанша қазақстандық емхана көмегіне жүгінді?
көрнекі фотосурет / Stock Photo

Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйенсек,  өткен жылмен салыстырғанда емханаға жүгіну көрсеткіші 7%-ға өскен. Емханалар деңгейінде дәрігерлерге қаралу саны — 81,3 млн, ал үйде пациенттерді қарау саны 7,5%-ға артып, 17,5 млн-ға жетті.

«Ауыл тұрғындарының бастапқы медициналық ұйымдарға қаралу саны 3,8%-ға артып, 41,8 млн-ды, оның ішінде 9 млн-нан астамы үйде қаралуды құрады.

Осылайша, егер жыл басында жалпы практика дәрігерлеріне өзін-өзі жазуға арналған кестелердің қолжетімділігінің үлес салмағы 20% деңгейінде болса, онда 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 89,5%-ға жетті, арнайы мамандарға өзін-өзі жазуға арналған кестелердің қолжетімділігі 4%-дан 23,4%-ға дейін өсті»- делінген ДСМ хабарламасында. 

Материал авторы