Енді Назарбаевтың сырқаты туралы ақпарат мемлекеттік құпия боп саналады

13.12.2024, 12:12
858
Енді Назарбаевтың сырқаты туралы ақпарат мемлекеттік құпия боп саналады elbasy.kz

Мемлекеттік құпия туралы заңға өзгеріс енеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 12 желтоқсанда сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, білім беру саласындағы шектен тыс заңнамалық реттеуді жою туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Сонымен қатар «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

Заң жобасы президенттің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері туралы, президенттің денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтерді мемлекеттік құпиялар қатарына қосуды көздейді. Бұл экс-президенттерге де қатысты.

«Мемлекеттік құпиялар туралы» заңында барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызмет саласындағы мемлекеттік құпияларға жатқызудан басқа, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұйымы, күштері, құралдары мен әдістері туралы мәліметтер енгізіледі. Президент, бұрынғы президент денсаулығы мен жеке өмiрiнiң жай-күйi туралы мәлiметтер де соған қосылады», – делінген заң жобасында.

Бұған дейін бұл түзетулер Мәжілісте талқыланбаған. Олар бастапқыда басқа заң жобасына қосылды. 

Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты