936

Қар тазаланбағаны үшін Алматыдағы орталық стадионының басшысы қызметінен босатылды

Астана мен Челсидің ойынынан кейін бастық креслосын босатты.

Қар тазаланбағаны үшін Алматыдағы орталық стадионының басшысы қызметінен босатылды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Орталық стадионының басшысы «Астана» – «Челси» матчы алдында трибуналардың уақытылы тазаланбауына байланысты қызметінен босатылған.

Алматыда өткен «Астана» – «Челси» футбол клубтары арасындағы ойынды тамашалауға барған жанкүйерлер көрермендерге арналған орындақтар мен баспалдақтардың қардан тазаланбағанын айтып, нарзылылық білдірген еді. Желіде стадионның қар басқан орындықтарының фото-видеолары тарады. 

«Алматы қаласы Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатардағы орындықтардың (орталық стадиондағы жалпы орын санының 2,7%) арасындағы қардың уақтылы тазаланбауына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз.

Алдағы уақытта мұндай оқиғаларды болдырмау үшін тексеру жүргізіледі. Орталық стадион нысанының меңгерушісі Бауыржан Жұмажанов қызметінен босатылды», – делінген Алматы қаласының спорт нысандары дирекциясының хабарламасында. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор