Биылғы маусымда Зайнудтинов алғаш рет «Бешікташтың» негізгі құрамында ойнады

13.12.2024, 13:13
1792
Биылғы маусымда Зайнудтинов алғаш рет «Бешікташтың» негізгі құрамында ойнады bjk.com.tr

Отандасымыз нәтижелі пас берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов 2024/2025 жылғы маусымда алғаш рет түркиялық «Бешікташтың» негізгі құрамында ойнап, нәтижелі пас берді. 

Түркиялық клуб УЕФА Еуропа лигасы жалпы кезеңінің алтыншы туры аясында сырт алаңда норвегиялық «Буде-Глимтпен» ойнады. Зайнутдинов биылғы маусымда алғаш рет «Бешікташтың» негізгі құрамына енді. 

Қазақстандық футболшы ойынның 21-минутында Жедсон Фернандешке нәтижелі пас берді. Соның арқасында «Бешікташ» есепте алға шықты. Алайда кейін «Буде-Глимт» сапынан Филип Синкернагель (37) және Один Бертуфт (43) гол соқты. Осылайша норвегиялық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

«Бешікташ» ұжымы осымен төртінші рет Еуропа лигасының жаңа маусымында жеңілді. Клубтың еншісінде екі жеңіс бар. Бұған дейін команда франциялық «Лионды» (1:0) және швециялық «Мальмоны» (2:1) жеңген.

Сырт алаңда «Бешікташ» амстердамдық «Аяксаға» (0:4), ал өз алаңында 1:3 есебімен германиялық «Айнтрах» пен израильдік «Маккабиден» (Тель-Авив) жеңіліп қалды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды