Сыйақым қайда: Атыраулық спортшы министрлікті сотқа берді

13.12.2024, 14:14
3042
Сыйақым қайда: Атыраулық спортшы министрлікті сотқа берді Shutterstock / Master1305

Спортшыға халықаралық спорт сайыстарынан жүлделі орын алғаны үшін көтермелеу қаржысы төленбеген. Ол осы жағдайға байланысты соттың көмегіне жүгінген.

Жоғарғы соттың мәліметінше, Атырау қаласының тұрғыны, спорт шебері Туризм және спорт министрлігіне 2021 жылы дзюдодан Лиссабон қаласында (Португалия), 2023 жылы Астана қаласында өткен самбодан Азия және Океания чемпионатында, Оралда самбодан шеберлер арасында әлем чемпионатында, Әбу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан әлем чемпионатында жүлделі орындарды жеңіп алғаны үшін көтермелеу төлемі туралы өтініш білдірген. Дзюдошы министрліктің бас тартуына спорт ардагерлеріне төлемді көздемейтін уәкілетті органның Ережелеріне сілтеме жасап, сотқа шағым түсірген. 

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты аталған істі зерттей келе, мынадай жайтқа назар аударып отыр. 

– Ережеге сәйкес, әрбір алған орыны үшін халықаралық жарыстардың әрбір чемпионы мен жүлдегеріне, жеке спорт түрлері бойынша ұлттық құрама мүшелеріне 100 пайыз ақшалай ынталандыру төленеді. Ал халықаралық жарыстардың жеңімпаздары – спорт ардагерлеріне көтермелеу төлеуге тікелей тыйымдар жоқ. Талап қоюшы Қазақстан Республикасының атынан басқа елдердің спортшыларымен бірге жарысқа қатысып, қатысушы-елдердің жалпы медальдық есебінде есепке алынған жүлделі орындарға ие болған. Мысалы, Оралда самбодан өткен әлем чемпионатына әлемнің 20-дан астам елінен 550-ден астам спортшы қатысқан. Министрлік сенім білдіру құқығын қорғау қағидатын (ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13-бабы) бұзған. Бұл әкімшілік органның заңсыз әрекетінен әкімшілік рәсімге қатысушы үшін ауыр зардаптарға жол берілмейтінін көрсетеді, - деп хабарлады соттан.

Осыған байланысты спорт шеберінің талап қоюы қанағаттандырылған. Сот министрлікті әлем чемпионатында жүлде алғаны үшін ақшалай ынталандыру төлеуге міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады