716

Қонаевтағы казинолардан қанша салық түсті?

Казино десе, Қонаев қаласы еске түсетіні рас. «Ойын» шаһарында бүгінде бірнеше казино, ойын залдары мен букмекерлік компания жұмыс істеп тұр.

Қонаевтағы казинолардан қанша салық түсті?
көрнекі фотосурет / Stock Photo

«Бүгінде 5 казино, 6 ойын залы жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, Қонаев қаласында тіркелген бірнеше букмекерлік компания жұмыс істейді. Биыл бюджетке шамамен 90 млрд теңге салық төледі. 3,5 мың жұмыс орны ашылды, одан бөлек ойын-сауық саласында шамамен 3,5 мың жұмыс орны бар. Сондықтан адамдар табыс тауып, жұмыс істеп жатыр», - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Елімізде ойын бизнесін тек Қонаев және Щучье қаласында жүргізуге рұқсат берілгенін атап өткен жөн.

Материал авторы