Апелляциялық сот Қаржаубай Нұрымовқа қандай шешім шығарғаны белгілі болды

Аиса Махамбет Редактор
13.12.2024, 20:10
10502
Апелляциялық сот Қаржаубай Нұрымовқа қандай шешім шығарғаны белгілі болды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Адвокаттар Қаржаубайдың қарт ата-анасы мен кәмелетке толмаған балалары барын айтып, сотқа шағым түсірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 13 желтоқсанда Алматы облысының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Олар адвокаттардың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Қаржаубай Нұрымовтың адвокаттары сотқа шағым түсіріп, жеңілдететін факторларды ескеруді сұрады. 

"Қаржаубай Нұрымов - кәмелетке толмаған төрт баланың әкесі. Ол үйде жоқ кезде балалары әке қамқорлығынсыз қалды. Ол отбасының жалғыз асыраушысы. Қарт ата-анасы, жұбайы, кәмелетке толмаған балалары үйінде қалды", – делінген адвокаттардың шағымында.

Осылайша олар алдыңғы сот шешімін бұзуды талап еткен. Алайда сот шешімді өзгеріссіз қалдырды. 

Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат көз жұмған еді. Жасөсіпірімнің өлімінен кейін Шерзат Полаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. 9 желтоқсан күні Талғардың шетінен Шерзаттың ағасы  Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.

Осы жайттан соң 10 желтоқсанда Шерзаттың ашынған әкесі журналисттердің келуін талап етіп, қолына пышақ ұстап өзіне қол жұмсайтынын айтқаны үшін ұсталған еді. Қаржаубай Нұрымов “Бұзақылық” бабы бойынша сотталып, 15 тәулікке қамауға алынды. 

Қаралы отбасының отағасын қамауға алу көпшіліктің наразылығын тудырды.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған