818

Оңтүстік Корея парламенті екінші рет дауыс беруден кейін президентке импичмент жариялады

Юн Сок Ель өз әрекетін бұрыс деп санамайтынын айтты.

Оңтүстік Корея парламенті екінші рет дауыс беруден кейін президентке импичмент жариялады
AP Photo / Kim Hong-ji

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Корея парламенті президент импичментін қолдап, дауыс берді. Өткен аптада Юн сок Ель елде әскери жағдай енгізген еді. Елдегі басқарушы "Азаматтық күш" партиясының 204 депутаты "иә" деп дауыс берген. Бұған дейін 7 желтоқсанда партия импичмент жариялауға арналған дауыс беруге бойкот жариялады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Елдегі саяси дағдарыс желтоқсанда басталған. Басты себеп – президенттің елде әскери жағдай режимін енгізуі. Әскери жағдай енгізілген соң парламенттің 190 депутаты ғимаратқа кіріп, президент шешімін тоқтатуға дауыс берген. 

Енді ел басшысына импичмент жарияланған соң, шешімді конституциялық сот қарайды. Істі қарау 6 айға дейін созылуы мүмкін. 

Ал президент Юн Сок Ель өз әрекетін дұрыс емес деп бағаламайтынын айтып, бүлік бастағысы келді деген айыпты жоққа шығарды. Сондай-ақ отставкаға кету туралы ұсыныстарды елемей, соңына дейін күресетінін мәлімдеген. 

"Маған импичмент жарияланса да, тергеуге алынсам да, соңына дейін әділ күрес жүргіземін", – деді Юн Сок Ель. 

Материал авторы