Абай облысында әскери бөлімдегі жанжал кісі өлімімен аяқталды

14.12.2024, 13:49
676
Абай облысында әскери бөлімдегі жанжал кісі өлімімен аяқталды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Сот үкімі шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қорғаныс істері бөліміндегі адам өліміне қатысты істі қарады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Сот дерегіне сәйкес кешкі уақытта "Үржар аудандық қорғаныс істері бөлімі" ғимаратының асханасында жүргізуші болып қызмет атқаратын азамат П., күзетші М., И., және техникалық жұмыскер азамат Р. спирттік ішімдік ішкен. 

“Түн ортасында П. М. мен И.-ды үйлеріне апарып тастап, содан кейін дүкен "Ақжол" маңында Р.-мен бұрынғы келіспеушіліктер негізінде жанжал туындаған. Жанжал төбелеске ұласып, П. Р.-ның бетіне бірнеше рет жұдырығымен соққы жасап, мойын, жүрек, арқа және іш тұсына бірнеше мәрте пышақ жарақатын салған. Салдарынан Р. оқиға орнында қайтыс болған. П. оқиға орнынан қашып кеткен. Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бұл әрекет үшін сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған”, – делінген хабарламада. 

Жәбірленуші тараптың өкілі П.-ның әрекеттерін Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша саралау туралы өтініш білдірді, себебі пышақ жарақаттарының саны бұл әрекеттерді қайта саралауға негіз бола алады деп есептеді.

“Сот ҚР Жоғарғы Сотының "Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы" нормативтік қаулысының 10-тармағына сүйене отырып, П.-ның әрекеттерін 99-баптың 1-бөлігіне сәйкес дұрыс саралаған. Себебі, пышақ жарақаттарының көп болуы әрекетті қайта саралауға негіз бола алмайды, егер өлтіру кезінде жәбірленушіге ерекше азап шектіру мақсаты анықталмаса. П.-ның төбелес кезіндегі және жәбірленуші қайтыс болғаннан кейінгі әрекеттері ерекше азап шектіру ниетінің болмауын көрсетеді. Прокурор П.-ның әрекеттерін 99-баптың 1-бөлігі бойынша саралау туралы ұстанымын қолдады. Мемлекеттік айыптаушы П.-ны кінәлі деп танып, 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұрады. Адвокат П.-ның кінәсін толық мойындауын, жасаған ісіне өкінуін, бұрын сотталмағанын ескере отырып, ҚР ҚК 55-бабын қолдану арқылы жаза тағайындауды сұраған”, – деп қосты соттың баспасөз қызметі. 

Соттың үкімімен П. кінәлі деп танылып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген