«Рыбакинаның орнын басар теннисші»: Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде сенімді жеңіске жетті
Отандасымыз турнирдің жартылай финалына шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жібек Құламбаева теннистен Солапур қаласында (Үндістан) өтіп жатқан турнирдің ширек финалында жеңіске жетті.
Жартылай финалға шығу үшін ол латвиялық Диана Марцинкевичпен кездесті. Құламбаева сенімді түрде 6:0, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
1/2 финалда қазақстандық теннисші Буньвяви Тамчайватқа қарсы ойнайды.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші