«Майқайыңалтында» мотор жөндеушіні техника жаншып өлтірді

15.12.2024, 11:50
516
«Майқайыңалтында» мотор жөндеушіні техника жаншып өлтірді Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Алтын кенішінде тағы бір кісі өлімі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Майқайыңалтын» кәсіпорнында мотор жөндеуші болып еңбек еткен 1992 жылғы ер азамат абайсызда қаза тапты. Ол техниканы жөндеу кезінде кен тиегіш машина жаншып кеткен. Бұл туралы Kazinform жеткізді.

«Майқайыңалтын» кәсіпорнында мотор жөндеуші болып еңбек еткен 1992 жылғы ер азамат абайсызда қаза тапты. Ол техниканы жөндеу кезінде кен тиегіш машина жаншып кеткен. Қайғылы оқиға кеше түстен кейін болған.

«Алтын шахтасында көп жылдардан бері мотор жөндеуші болып еңбек еткен ер азамат көлік құралын жөндеу кезінде көз жұмды. Куәгерлердің сөзінше, ол кенішке түсіп, істен шығып тұрған техниканы қарап жатқанда екінші кен тиегіш көлік абайсызда жаншып кеткен. Салдарынан 1992 жылғы ер азамат жаншылып қалған. Марқұмның отбасы бар, соңында әйелі мен 2018 жылғы туған баласы қалды», - деп хабарлады Баянауыл ауданы Майқайың кентінің әкімі Ербатыр Молдатаев.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Техниканың жүргізушісі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», - деп мәлімдеді полициядан.

Ал Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Абылай Сабыров жазатайым оқиғаға қатысты тергеу-тексеру шаралары ұйымдастырылатынын хабарлады.

«Қазір оқиғаны тергеу комиссиясы құрылып жатыр. Біздің басқарманың өкілдері оған жетекшілік етеді немесе комиссия құрамына енеді. Әзірше оқиғаның мән-жайы туралы айта алмаймыз», - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Еске сала кетейік, биыл 4 қаңтарда Майқайың алтын кенішінде ішінде адамдар бар автобус жер астына түсіп кеткен еді.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды