Жетісу облысында робот сот орындаушылар жұмыс істеп жатыр

15.12.2024, 13:09
756
Жетісу облысында робот сот орындаушылар жұмыс істеп жатыр freepik.com

Әділет министрлігі әзірлеген «робот – сот орындаушы» жобасы іске қосылып, халықтың ақшасы үнемделген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында робот сот орындаушылар жұмысқа кірісті. Олар 4 айда азаматтардан 15 миллион теңге өндіріп алған. Ал қарапайым халық 4 млн теңге үнемдеген. Бұл туралы Kazinform жазды.

Елімізде биыл тамыз айынан бастап Әділет министрлігі әзірлеген «робот – сот орындаушы» жобасы іске қосылып, оңайлатылған іс жүргізу басталғаны белгілі. Бұл жоба азаматтарға айыппұл сомасының 3%-дан 25%-ға дейінгі мөлшердегі жеке сот орындаушысының қызметі үшін қосымша ақысыз айыппұлдарды төлеуге мүмкіндік береді.

«Робот сот орындаушы қалай жұмыс істейтінін былай түсіндірейін. Уәкілетті орган ақпараттық жүйені интеграциялау арқылы әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулыны атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жібереді. Бұдан әрі аумақтық Әділет органы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасында оңайлатылған өндірісті автоматты түрде қозғайды. Оңайлатылған өндіріс басталғаннан кейін азаматтар 1414-тен SMS хабарлама алады және EGovMobile-да оңайлатылған өндірісті қозғау туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен push-хабарлама алады», - дейді Жетісу облыстық Әділет департаментінің басшысы Ержан Еркенов. 

Робот сот орындаушының орындауындағы іс жүргізу 30 күн ішінде жүзеге асады. Ол аяқталғаннан кейін атқарушылық іс жүргізу орындалмаған жағдайда жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындауға беріледі. Онда борышкерлер жеке сот орындаушысының қызметіне қосымша ақы төлеуі тиіс.

Еске салайық осыған дейін Жетісу облысында 72,5 млн теңгенің газ құбырын ұрлаған күдіктілердің ұсталғанын жазғанбыз. 

«Форма қайда?»: Хиджабтағы оқушыларға ескерту жасаған мұғалімнің видеосы талқылануда Алматыда 120-дан аса адам аспалы жолда қалып қойды Берденов ісінде тілін шығарған судьяға қатысты іс Жоғарғы сот кеңесіне жіберілді «Судьялар да жазаланады»: АҚШ-та украиналық босқын қызды өлтірген қылмыскер бұған дейін 14 рет сотталған Маңғыстауда жол апатынан қыз қаза тапты Тоқаевтың әйелдер туралы сөзі қоғамда дау туғызды: Ақорда нақты түсіндірме жасады Талғардағы қанды оқиға: Адвокат жәбірленуші отбасының атынан мәлімдеме жасады Депутат Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында анасын құттықтады Желіде жарнамалағанмен, рұқсатсыз ұшып жүр: Қазақстанда жеті ұшақ уақытша тоқтатылды Алматыдағы өлімге әкелген апат үшін сотталған Ілияс Кар жазасын жеңілдетуден бас тартты «Жұмысым 20 миллион теңгеге татиды»: депутат даулы сөзі үшін жауап берді Қайрат Нұртас кенже ұлы Ханға көлік мінгізді Атыраулық полицейдің өлім аузындағы құлынды құтқарғаны жұртты тәнті етті (ВИДЕО) Алматыда блогердің «аутист балаларды өлтіру керек» дегені үшін қылмыстық іс қозғалды Apple жаңа iPhone 17 сериясын таныстырды Қатар Израиль соққысынан кейін шара қолданатынын мәлімдеді Қазақстанда ең төменгі жалақыны есептеу әдісі өзгерді Құлсарыда салынып жатқан «Жайлы мектептің» төбесі опырылды Қатарда 1,5 мыңға жуық Қазақстан азаматы жүргені анықталды Роза Әлқожаның онлайн өткізген күміс тойы сынға қалды