601

Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылған

Олар жеңіл көлікпен қар құрсауында қалғаны белгілі болды.

Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылған
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысы Алакөл ауданы Көктұма станциясының жанында жолаушылары бар жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалған.

Оқиға орнына келген ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары вахтовканың көмегімен Ақши ауылына 6 адамды эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болмады. 

Осы ретте төтеншеліктер жолға шықпас бұрын қозғалысты шектеу туралы ақпаратты ТЖМ ресми сайтындағы "шұғыл ақпарат" бөлімінен көруге кеңес береді.

Материал авторы