ChatGPT-ді сынға алған OpenAI компаниясының бұрынғы қызметкері өз үйінде өлі табылды

Аиса Махамбет Редактор
15.12.2024, 19:09
1114
ChatGPT-ді сынға алған OpenAI компаниясының бұрынғы қызметкері өз үйінде өлі табылды жеке мұрағатынан

26 жастағы Сухир Баладжидің жұмбақ өлімі көпшілікті алаңдатты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, OpenAI зерттеу ұйымын ChatGPT бойынша заңды бұзды деп айыптаған бұрынғы қызметкер Америка Құрама Штаттарында өлі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

СNBC басылымының дерегінше, 26 жастағы Сухир Баладжидің мәйіті бірнеше апта бұрын Сан-Францискодағы пәтерінен табылған. Ол OpenAI зерттеу ұйымының бұрынғы қызметкері болған. 

Баладжи 2024 жылы компанияны чат-бот жасау кезінде АҚШ-тың авторлық құқық туралы заңын бұзды деп айыптап, OpenAI қызметінен кеткен.

Қалалық бас медициналық сараптама кеңсесінің атқарушы директоры Дэвид Серрано Сьюэллдің айтуынша, сот-медициналық сарапшылар Баладжи өз-өзіне қол жұмсады деген қорытындыға келген. OpenAI өкілі оның өлімін растады.

"Бүгін бұл жаңалықты естіп, қатты қайғырдық", – деді OpenAI өкілі.

Сухеер Баладжи OpenAI-де төрт жылға жуық жасанды интеллект зерттеушісі ретінде жұмыс істеген. Ол ChatGPT әзірлеуде пайдаланылған деректердің үлкен көлемін жинауға және ұйымдастыруға көмектескен. Ол компаниядан тамыз айында кеткен. Күзде The New York Times (NYT) газетіне сұхбат беріп, онда ол OpenAI-тің ChatGPT әзірлеуде басқа біреудің авторлық құқығын бұзып, қорғалған зияткерлік меншігін пайдалануы заңды бұзатынын айтқан. Ер адам мұндай технологиялар қоғамға пайдасынан гөрі зиянын көп тигізетінін жеткізген. 

Жасанды интеллект компаниялары, соның ішінде OpenAI, соңғы екі жылда бағдарламашылар, суретшілер, рекордтық брендтер, кітап авторлары және БАҚ өкілдерімен соттасты. 

Талапкерлердің қатарында америкалық бизнесмен Илон Маск та бар. 2024 жылдың ақпанында ол OpenAI-ді келісімшарт талаптарын бұзғанын жеткізді. Сондай-ақ адамзат игілігі үшін AI технологияларын жасау бойынша бастапқыда айтылған миссиясынан бас тартты деп айыптады. Ал маусым айында Маск өз шағымынан бас тартты.

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)