Талғар қаласына жаңа әкім сайланды

16.12.2024, 10:33
886
Талғар қаласына жаңа әкім сайланды жеке мұрағатынан

Шерзаттың өлімінен соң әкімсіз қалған Талғарда кеше әкім сайлауы өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сайлау нәтижесінде Талғардың жаңа әкімі болып қызметке Арыстанбек Әбілқайырұлы тағайындалған. Оған 9071 сайлаушы дауыс берген. Бұл туралы Талғар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жеткізді.

– Сайлаушылар тізіміне барлығы 42 774 адам енгізілді, оның 12 875-і дауыс берді. Қала әкімі лауазымына үміткер Жәнібек Кәденов 1 875, Әлібек Рамазанов 1 140 дауыс жинады. 182 сайлаушы барлығына қарсы дауыс берді Сайлау қорытындыларымен Талғар қаласының әкімі болып:

Абилхаирұлы Арыстанбек сайланды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, тізімде үш кандидат болды.

«Талғар тұрғын үй» ЖШС-нің басшысы,1983 жылы туған Арыстанбек Абихаирұлы «Amanat» партиясы атынан ұсынылды.

Екінші кандидат – Жәнібек Каденов. 1991 жылы туған. Ол «Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің қаржы-шаруашылық бөлімінде бас маман болып жұмыс істейді. Оны Қазақстан халықтық партиясы ұсынды.

Соңғы үміткер – Әлібек Рамазанов. Ол өзін-өзі ұсынған. Ол Бесағаш ауылдық округінің аппараты мемлекеттік мекемесінде әкімнің орынбасары болып қызмет етеді.

Еске салайық, Талғарда 2024 жылдың 15 желтоқсанында қала әкімінің сайлауы өтті.

Осыған дейін Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылғаны туралы жазған едік. 

Айта кетейік, 4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен бір адам мерт болды. 

Атырауда ер адам подъезде никабтағы қызды аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО) «Концерттен шеттетті, иіскеуім керек деді»: Әнші Наркенже Серікбаева басшылықты әшкереледі #нетамашалаймыз: TikTok Қазақстанда жергілікті киноиндустрияны қолдау жобасын іске қосты «Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады Мирзиёевтің үлкен қызы Өзбекстан Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды Оралда 22 жастағы полицей өз үйінің ауласында суицид жасаған Астаналық экс-депутат вилланың фонындағы сурет үшін БАҚ-ты сотқа беріп, жеңіліп қалды Трамп мәлімдеген бітім күшіне енбей жатып, Иран мен Израиль атысты жалғастырды Құбыр тағы жарылды: Алматыда ыстық су көшеге ақты Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетуі мүмкін Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс тоқтады Еліміздің 18 облысында дауылды ескерту жарияланды Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді