861

Әлем чемпионатында ауыр атлеттеріміз медаль саны бойынша ТОП-3 ілікті

Манама (Бахрейн) қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Әлем чемпионатында ауыр атлеттеріміз медаль саны бойынша ТОП-3 ілікті
olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық атлеттер аталмыш додада 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алған. Бұл туралы Kazinform жазды.

Араға 10 жыл салып, 96 келіде Нұрғиса Әділетұлы үздік шықты.

Арада 9 жыл өткенде, 102 келіде Артем Антропов топ жарды.

Ал Алексей Чуркин өз мансабында екінші рет әлем чемпионатының жүлдесін иеленді.

Барлығы 92 мемлекет қатысқан бәсекенің жалпы жүлде кестесі:

1.Солтүстік Корея - 9 алтын,5 күміс,2 қола,
2.Қытай - 4 алтын, 2 күміс, 3 қола,
3.Қазақстан - 2 алтын, 1 күміс.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық ауыр атлет Артем Антроповтың әлем чемпионы атанғанын жазған едік.

Материал авторы