«Нұрғанаттың өлімі де тегін емес»: заңгер Талғар оқиғасына қатысты пікір білдірді

Аиса Махамбет Редактор
16.12.2024, 15:47
3477
«Нұрғанаттың өлімі де тегін емес»: заңгер Талғар оқиғасына қатысты пікір білдірді SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

«Қаржаубайдың отбасы – олигархтар мен шенеуніктердің құрбандары».

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі адвокат, заңгер Ләззат Ахатова Талғардағы оқиға бойынша пікір білдірді

Заңгер Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлімі елді ашындыру мақсатында жасалған тәсіл болуы мүмкін екенін алға тартты.

«Сайттардан бір ақпарат оқып, әрі-сәрі боп отырмын. Бәсе, көңілде бір күдік болып еді. Қаржаубай отбасы - бұрынғы олигархтар мен ескі шенеуніктердің жасырын ұйым ретінде (мамыр айынан бастап) құрылған тобының құрбандарына айналған секілді... Шерзат ісін пайдаланып, халықты қазіргі билікке айдап салу арқылы екінші Қаңтар жасайтын ойлары бар дегенді екі БАҚ-тан оқыдым. Біреудің жан қайғысын саяси ойынға айналдыру үшін де ештеңеден шімірікпейтін сұм болу керек шығар... Нұрқанат өлімі де тегін емес, демек... Елді ашындыру мақсатында жасалған тәсіл болуы да ғажап емес.

Ал әлеу.желілерде Талғар оқиғасы туралы жазбаған, айтпаған өнер жұлдыздары мен танымал блогерлерден «отписка» жасаймыз деп, «қоқан-лоққы» жасау арқылы бұл істі үлкен шуға айналдырып, елді көтеру екен – түпкі мақсаттары. Үлкен концерттерге стадиондарға жиналған халықты көрсетіп, «ана қалада митинг болғалы жатыр, мына қалада көтерілейін деп жатыр» деп, жалған ақпараттарды да таратып жатқандар сол топтың мүшелері дейді. 500 белсендісі (айтишниктерімен қоса) бар ботоферма жұмыс істеп жатқан көрінеді. Сол іс-шараларға 300 млн қаражат жұмсалған дейді, рас болса», - деп жазды ол.

Ләззат Ахатова Шерзат Болаттың ісінде бұлыңғыр нәрсе көп екенін айтты.

«Талғардың бандасы ойнамай қалған сияқты ғой, мына саяси ойынның жанында) Қаржаубайдың қамалу себебі де сол сияқты. Зиян жасалмайды деп сенем. Арандатушылардан аулақ болсын дегендері шығар. Ал қарындасы арандатуға түсіп қалған-ау. Ашу үстінде айтылған сөздер болса да, ой-пікірі солай боп тұр ғой. Қанша жыл елді билеп-төстеген шенеунік, әккі саясаткерлерге қайғыдан қажып, ашу-ызаның үстіндегі адамдарды арандату, елдің осал тұсын дөп басу - түк емес, әрине.

Шерзат ісіндегі қылмыскерлердің түгел қатаң жаза алуына қазіргі билік те мүдделі деп ойлаймын. Нұр-атамыздың Путинге жетіп барғаны да - жоғарыда аталғандарды растағандай әрекет екен.. Ал Нұрқанат өлген күні түнгі 2-де сол маңайда жүрген полицей кім? Неғып жүр?..Кімнің тапсырмасын орындап жүр? Кездейсоқтық па, әлде ана ұйымның жансызы ма?

Ішкі Істер министрлігі өз репутациясын ақтап алам десе, кадрларына тексеру жүргізіп, күдікті жағдайдың бәрін анықтап, нәтижесін ел алдында жарияласа. Сол кезде елдің жоғалған сенімі қайта қалпына келіп, көкейдегі күдік те сейілер. Бұл істе бұлыңғыр нәрсе көп деген ойымыз да бекер емес екен ғой.. Елге тыныштық керек, бізге 2-Қаңтардың қажеті жоқ!», - Ләззат Ахатова.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды