«Өзбектер қатты өкінді»: Сәрсекбаев чемпион атанған соң өзбек федерациясында дау туғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
16.12.2024, 16:28
940
«Өзбектер қатты өкінді»: Сәрсекбаев чемпион атанған соң өзбек федерациясында дау туғанын айтты жеке мұрағатынан

Бақыт Сәрсекбаев өткенді есіне алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бақыт Сәрсекбаев Бейжің Олимпиадасында чемпион атанған соң Өзбекстан бокс федерациясында үлкен мәселелер қозғалғанын мәлімдеді.

«Берен Live» YouTube-каналына сұхбат берген спортшы бірқатар сұрақтарға жауап беріп, өзінің негізгі қарсыласы саналған Дильшод Махмудовтан Бейжің Олимпиадасында басым түскен соң көптеген жайтқа куә болғанын айтады.

«Бейжің Олимпиадасында жеребе кездейсоқ болды. Менің қарсыластарым кім болатынын білгенім жоқ. Ал Өзбекстан құрамасындағы негізгі қарсыласым Дильшод Махмудовпен ширек финалда кездестік. Ол да толқыды, мен де жауапкершілікті сезіндім. Кейін маған бұған қатысты неше түрлі әңгімелер жетіп жатты. «Неліктен оны Өзбекстан құрамасынан жібердіңдер, неге елде алып қалмадыңдар?» деген әңгіме болған. Сол уақыттары мен Азия чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері атанған едім», - деді Бақыт Сәрсекбаев.

Боксшы аталған сұхбат барысында өзінің қазақ болғаны үшін өзбек құрамасы сапында Афины Олимпиадасынан тыс қалғанын атаған еді. Сондай-ақ, ол 2004 жылы Тәжікстан атынан Олимпиадаға баруға ниетті болған. Алайда, оған рұқсат берілмеген.

Бақыт Сәрсекбаев 2004 жылы Қазақстанға оралып, 69 келіде ел чемпионы атанды. Боксшы 2005 жылы Азия чемпион атанып, әлем кубогында ұлттық құрамамен бірге қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, 2006 жылы Азия ойындарының жеңімпазы, 2007 жылы Азия чемпионы, ал 2008 жылы Олимпиада ойындарында чемпион атанды. Ол іріктеу кезеңдерінде Канада, Молдова боксшыларын ұтса, ширек финала Өзбекстан, жартылай финалда Оңтүстік Корея, финалда Куба боксшысынан басым түсті.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)