1811

«Топтағы Дулаттың қызы, Батырдың ұлы бар»: әнші Ninety one тобының неліктен сахнадан көрінбей кеткенін айтты

Әркім өз қалағанымен айналыссын деп өзімізге демалыс алдық дейді ол.

«Топтағы Дулаттың қызы, Батырдың ұлы бар»: әнші Ninety one тобының неліктен сахнадан көрінбей кеткенін айтты
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық танымал Ninety one тобының әншісі Азамат Ашмақын топтың неліктен сахнадан көрінбей кеткенін айтты. Бұл туралы ол "Қызық Times" бағдарламасында берген сұқбатында айтты. 

Асе лақап атымен танылған Азамат Ашмақын бағдарлама барысында топтың неліктен сахнадан алыстап кеткенін түсіндірді. 

"Осыдан бірнеше уақыт бұрын әркім өз қалағанымен айналысады деп демалыс алған болатынбыз. Творчествоға оралар алдында жаңа бір күш жинап алайық деп өзімізге демалыс бергенбіз. Бізде қазір Дулат пен Батыр балалы болды. Дулаттың қызы, Батырдың ұлы бар", - деді Асе. 

Оның айтуынша, қазір өзі жеке шығармашылығына көңіл бөле бастаған. Алайда әнші Ninety one тобы сахнаға қашан оралатыны нақты белгісіз екенін атап өтті.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор