Футболдан футзалымыз тәуір: «Қайрат» қарсыластарын қапы қалдыра ма?
Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 2025 жылғы төрттік финалы Ле-Манда (Франция) өтеді.
Аталған додада Чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы «Пальма» (Испания), турнир дебютанты «Картахена» (Испания), екі дүркін кубок иегерлері «Қайрат футзал» және «Спортинг» (Португалия) қатысады.
Жарыстың жартылай финалы 2 мамырда «Антарес Арена» спорт кешенінде, финал мен үшінші орын үшін матч 4 мамырда өтеді.
Айта кетсек, алматылық клуб аталған турнирдің элиталық кезеңінде Хорватияның «Динамо Загреб» (5:1), Францияның «Этуаль» (4:2) және Хорватияның «Олмиссум» (1:0) командаларын қапы қалдырды.
Материал авторы