Елінен қашқан Башар Асад алғаш рет мәлімдеме жасады

17.12.2024, 11:36
835
Елінен қашқан Башар Асад алғаш рет мәлімдеме жасады Reuters

Ол Ресейдің әуе базасы арқылы қашқан. Қашу бағыты бақыланбас үшін ұшақтың радиолокациясын өшіріп тастаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Башар Асад елден қашқаннан кейін алғашқы мәлімдемесін жасады. Аталған мәлімдеме экс-президент кеңсесінің Telegram-каналында жарияланды.

Мәлімдемеде Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад 8 желтоқсанда таңертеңге дейін Дамаскіде болып Сириядан 8 желтоқсанда кешке кеткенін айтты.

«Мен Дамаскіде болдым. Өз міндеттерімді 2024 жылдың 8 желтоқсаны, жексенбі күні таңертеңге дейін орындадым», – деді Башар Асад мәлімдемеде. 

Асадтың айтуынша, ол Латакияға «лаңкестік күштер Дамаскіге жеткен кезде» көшіп келген. Ол Латакияға «ресейлік одақтастармен жауынгерлік операцияларды бақылау әрі үйлестіру үшін» барғанын да жеткізді.

Асад базаға Латакияға келгенде, «біздің күштер барлық жауынгерлік позициялардан толығымен алынып тасталғаны және армияның соңғы позициялары құлағаны анық болды» және «жағдай нашарлай берді». Сол кезде Мәскеу тарапы Ресейге жедел эвакуация ұйымдастыруды ұсынғанын да Сирияның экс-президенті атап өтті. Ол «Дамаскі мен әскери позициялар құлап, мемлекеттік институттар сал болып қалған соң» елден кетуге мәжбүр болғанын айтты.

Осылайша, бұрынғы президент бұл оқиғалар кезінде «ешқашан отставкаға кету немесе саяси баспана іздеу, елден кету туралы ойлаған емеспін» деп қосты. 

«Шындықтан алыс жалған ақпараттар террорларды Дамаскіге айдап әкелді. Президенттің мәлімдемесі ертерек жариялануы керек еді, бірақ сол кездегі жағдайлар, дәлірек айтқанда қауіпсіз байланыстың толық үзілуі осы мәлімдемені жариялаудың кешігуіне әкеп соқты», – деді Башар Асар неліктен ертерек мәлімдеме жасамай, үнсіз елден қашқанына себеп болған жайтты түсіндіре отырып.

Мәлімдеменің жарияланған орны ретінде Мәскеу мен 16 желтоқсан күні көрсетілген.

Bloomberg дереккөздеріне сүйенсек, Башар Асадтың елден қашуы ресейлік барлаушылардың көмегімен ұйымдастырған. Олар оны Ресейдің Сириядағы Латакия провинциясында орналасқан «Хмеймим» әуе базасы арқылы алып кеткен. Асад кетіп бара жатқанда, ұшақтың транспондері бақыланбау үшін өшірілген көрінеді. Сонымен қатар, кетер алдында Ресей Сирияның экс-Президентін Қарулы көтерілісшілерге қарсы күресте жеңілетініне сендірген.

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың Мәскеуге келіп, Ресей оған баспана бергені туралы хабар 8 желтоқсан күні кешке ТАСС пен РИА Новости басылымдарында хабарланған еді. Кейінірек Ресей СІМ Асадтың «Қарулы қақтығыстардың қатысушылармен» келіссөздер жүргізуге тырысқанын, артынша президенттіктен кету туралы шешім қабылдағанын растаған еді.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол