Көктемгі тасқын суды қабылдау үшін Ақтөбе су қоймасы 80%-ға босатылды

17.12.2024, 12:03
792
Көктемгі тасқын суды қабылдау үшін Ақтөбе су қоймасы 80%-ға босатылды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Су тасқынына қарсы шаралар алдын-ала жасалып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Ақтөбе су қоймасын 80%, Қарғалы су қоймасын 66% және Сазды су қоймасынан 60%-ға босатты.

Бүгінгі таңда үш су қоймасында 382 млн текше метр су қабылдайтын бос орын бар.

Қоймалардан су жіберу жұмыстары жалғасуда. 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін Ақтөбе және Қарғалы су қоймалары қосымша 200 млн текше метрден, Сазды су қоймасы 5 млн текше метр су қабылдай алады.

Осылайша, үш су қоймасы су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін 405 млн текше метрге дейін су қабылдай алады.

Сондай-ақ, Ақтөбе су қоймасын толық жаңғырту жұмыстары аяқталды. Айта кету керек, нысан қолданысқа берілген 1988 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Осыған қарамастан, биыл су қоймасы тасқын кезінде үлкен жүктемеге төтеп беріп, 540 млн текше метр су өткізе алды.

Сазды су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, мұздан қорғау қабырғасы орнатылды. Қарғалы су қоймасында көтергіш механизмдер мен қақпа тізбектері ауыстырылды.

Мәртөк ауданының су қорғау бөгеттерінің және лиманды суару жүйесінің учаскелері қалпына келтірілді.

«Өңірде су тасқыны кезеңінде дайындық жалғасуда, бүгінде су қоймалары жұмысының кестесі әзірленді. Бос сыйымдылықтарды дайындаудан басқа, монтаждау жұмыстары жүріп жатыр, оны 15 желтоқсанға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Ринат Шауенов.

 
Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды