Қарызға ақша берші: Алаяқтар Балаеваның атынан хабарласып жүр
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі ресми парақшасында халыққа үндеу жасады.
— Құрметті достар! Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл — алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!, — деді Балаева.
Министр баршаңызды сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырды.
Материал авторы