18 жастағы қызды танысы зорлап, ұрып-соғып, үйінің алдына әкеп тастаған

Аиса Махамбет Редактор
17.12.2024, 15:45
1162
18 жастағы қызды танысы зорлап, ұрып-соғып, үйінің алдына әкеп тастаған ria.ru

Оқиға Алматы облысында болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жағдай туралы НеМолчи қоры жария етті.

16 желтоқсан күні танысынан зәбір көрген 18 жастағы қыздың жақындары Дина Таңсәріден көмек сұрап жазған. Жәбірленуші жұмыстан келетін уақыттан кешіккенде жақындары іздеу салып, дабыл қаққан. Қыздың жақындары іздеу салып, полицияға жүгінген.Түнгі 2-лер шамасында қызды үйдің алдынан тапқан.

Қыздың үсті-басы кір, шашының бәрі нәжіс, сабап тастаған. Сіңлісі оны суға шомылдырған. Қыз сол кезде мең-зең күйде еді. Жәбірленушіні зорлаған танысы оған кола ұсынған. Ол бірнеше жұтым ішкен соң есінен танып қалған. Арақтың иісі болмаған, өйткені ол сау еді. Бірақ мең-зең, шок күйде болған. Полициядағылар қызға “Оның көлігіне өзің отырдың емес пе?!” деген екен. Зорлаған адам жалғыз болмады деген болжам бар, – делінген жазбада.

Таңсәрінің айтуынша, жәбірленушінің жақындары әлі сараптама жасалмағанын айтып дабыл қағып отыр. Киімдерден биоматериалдар алынбаған, тергеу жұмыстары да тоқтап тұр.

Күдіктіні ұстаған жоқ. Қайтадан, барлығының назары зәбір көрген жәбірленушіде. Сондай-ақ Думан деген тергеуші қызды көзбе-көз беттестіруге шақыртқан, болмаса қызды әкелу үшін күзетші жіберетінін айтқан. Ол қызды бөлімшеде ұстаған. Кешкі сағат 20:00-ден 02:00-ге дейін 18 жастағы қызды ұрып-соғып, зорлап, үйдің алдына тастап кеткен. "НеМолчи.kz" қоры ішкі істер министрлігі мен прокуратурадан істі бақылауға алуын және Думан деген тергеушіні тексеруді талап етеді, – деп жазды Динара Смайылова.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды