«Өзім де үш жылдан бері әділетті шешім күтіп жүрмін»: Жұлдыз Әбдікәрімова Талғар ісіне қатысты пікір білдірді

Аиса Махамбет Редактор
17.12.2024, 17:12
1188
«Өзім де үш жылдан бері әділетті шешім күтіп жүрмін»: Жұлдыз Әбдікәрімова Талғар ісіне қатысты пікір білдірді жеке мұрағатынан

Үш жылдан бері әділдік үшін күресіп келе жатқанын тілге тиек етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актриса, киножұлдыз Жұлдыз Әбдікәрімова кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың өліміне қатысты ойын айтты.

Өнер иесі өзінің де үш жылдан бері әділдік үшін күресіп келе жатқанын тілге тиек етті. 

“Өзім де құқық қорғау өкілдерінен әділдік іздеп, шырылдап жүргеніме біраз болды. Полиция департаментінен бастап, аудандық, қалалық соттардың табалдырығын тоздырып келемін. Алаяққа алданғаныма 3 жыл болса да, үн қатпай, жария жасамай келгенімде бір себеп болса – ол құзырлы органдарға деген сенім еді. Алайда бір түсінгенім, шындық пен сұмдық айдан анық болып тұрса да, дәлелің қап-қап болса да, әділ шешім оңай шыға қоймайды екен”, – деп жазды актриса. 

Сондай-ақ қара жамылған отбасыға көңіл білдіріп, сабырлы болуға шақырды. 

“Ел Шерзат деп шырылдап, шындық сұрағалы үш ай болды. Бәрі де қалай басталып еді?! Шерзаттың отбасына орнайтын әділдікті президент өз бақылауына алатынына, менің Жоғарғы сотқа берген шағымымды ҚР Бас прокуроры өз назарында ұстайтынына сенім білдіргім келеді. Мен Шерзаттың ата-анасына тағы да қайғыра көңіл айтамын. Өздеріңізбен бірге екенімді жеткізгім келеді”, – деді киножұлдыз. 

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған