2141

Қазақстандық әйел интернеттен алған кеңеспен қан қысымын төмендетемін деп, өліп қала жаздады (ВИДЕО)

Ол куркума мен алма сірке суын қосып ішкен.

Қазақстандық әйел интернеттен алған кеңеспен қан қысымын төмендетемін деп, өліп қала жаздады (ВИДЕО)
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкенттік әйел қан қысымын түсіру үшін куркума қосылған сірке суын ішіп, ауыр хәлде ауруханаға түсті. 

Шымкенттегі №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позиловтың айтуынша, әйел кеңесті интернеттен алған. 

«53 жастағы әйел интернеттен кеңес алып, қан қысымын төмендету үшін куркума мен алма қосылған сірке суын ішкен. Салдарынан анафилактикалық шокқа түсіп, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Диагностика: Лайелла синдромы – аллергиялық буллезді дерматиттің ең ауыр түрі», – деді дәрігер.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор