«800 млн теңгеге жуық»: Алматыда жаңажылдық безендіруге жұмсалатын қаржы белгілі болды

Аиса Махамбет Редактор
18.12.2024, 09:11
628
«800 млн теңгеге жуық»: Алматыда жаңажылдық безендіруге жұмсалатын қаржы белгілі болды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Мерекелік іс-шаралар 20 желтоқсанда басталып, 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласының жаңа жылдық безендіруіне шамамен 800 миллион теңге бөлінді.

Дегенмен, өткен жылғы инсталляцияларды барынша қалпына келтіріп, пайдаланудың арқасында, әрі мәдениет саласындағы мекемелердің белсенді қатысуы нәтижесінде мереке өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда ауқымды болмақ. Алып шаһарда 2025 жыл қарсаңында «Алматының 8 кереметі: отбасылық мереке — таңғажайып Жаңа жыл» атты ауқымды бағдарлама әзірленді. Қаланың барлық 8 ауданын қамтитын мерекелік іс-шаралар 20 желтоқсанда басталып, 31 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Алматы Жаңа жыл қарсаңында әуежайдан бастап орталық алаңдарға дейін ерекше безендіріледі. Қала аумағында 300-ге жуық ертегі кейіпкері мен мерекелік нысан бейнесіндегі инсталяция орнатылады, оның ішінде қайта жөндеуден өткен былтырғы 120 шағын сәулет пішіні (ШСП) де  қолданылады. Магистральдар бойындағы ағаштар жарықдиодты шамдармен және гирляндалармен безендіріледі. Жалпы, 12 көше мен даңғыл бойында 1500 жарық элементі орнатылады, оның 350-і өткен жылы қолданылған кронштейндер.

Сонымен қатар, қаладағы 21 ғимараттың  қасбеті архитектуралық жарықпен көмкеріліп, Алматыға жаңа жыл қарсаңында ерекше көрік береді. Алматының бас символдарының бірі  – «Көктөбе» телемұнарасы жаңажылдық стильде безендіріліп, қала тұрғындары мен қонақтарын мультимедиялық бейнекөрініспен қуантады.

Қаладағы 8 ауданның әрқайсысында Аяз Ата мен ертегі кейіпкерлерінің шеруі, жәрмеңкелер, көрмелер, концерттер мен ойындар ұйымдастырылады. Жаңа жылдық шаралардың толық тізімі Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды