757

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция халқына көңіл айтты

Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға жеделхат жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция халқына көңіл айтты
Aqorda

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Францияның Майотта аралында алапат дауылдан жүздеген адам қаза тапты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор