«Рекорд» жасағысы келді ме: Құлсарыда 14 рет мал ұрлаған барымташы ұсталды

18.12.2024, 11:53
822
«Рекорд» жасағысы келді ме: Құлсарыда 14 рет мал ұрлаған барымташы ұсталды Pikabu: UGC

Атырауда тәртіп сақшылары мал ұрлауды «дәстүрге» айналдырып, 14 рет әккі әрекетке барған күдіктіні құрықтады.

Атырау облысы Жылыой ауданының полицейлері ірі көлемдегі мал ұрлығын ашып, қылмыстық әрекетке қатысы бар деген күдікпен Құлсары қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Бұған дейін де ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктінің маусым-тамызайлары аралығында Жылыой ауданына қарасты Ақкиізтоғай ауылында 14 рет мал ұрлығын жасағаны анықталды. Тергеубарысында ол 34 бас ірі қараны қолды қылып, жәбірленушілерге 5 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін мойындады. Жедел іздестіру шараларыбарысында күдіктінің ұрланған малды әлеуметтік желілерарқылы сатқаны белгілі болды.

Полиция оның телефонын тексеру кезінде ұрланған малдың фотосуреттерін, сатып алушылармен жасалған хат алмасуларды және басқа да дәлелдерді тапты. Соныменқатар ұрланған малды сатып алған адамдардың кім екені де анықталды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары қосымша дәлелдерді жинау үшін күдіктінің қоңырауларының биллингдеректерін зерттеп жатыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды