Жұлдызай Дүйсенбиева: «Мені өлді деп ойлаған»

Аиса Махамбет Редактор
18.12.2024, 15:51
1081
Жұлдызай Дүйсенбиева: «Мені өлді деп ойлаған» жеке мұрағатынан

Уәлибек Әбдірайымовқа әйелі Дина хабарласқан дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актриса әрі блогер Жұлдызай Дүйсенбиева Уәлибек Әбдірайымовқа қатысты қызықты оқиғаны айтып, елді күлдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен қызықты оқиғасын «1001 түн» бағдарламасында бөлісті. Өнер иесі бұл жағдайдан кейін Уәлибек Әбдірайымовтың өзіне деген асқан қамқорлығы мен жанашырлығын сезінгенін айтты. 

«Дина үйге келген. Есікті ашып қалса, бір тотықұсы өліп қалыпты. Ол ақырып жылаған. Өзі аса эмоциналды қыз ғой. Уәлибек ағалар ол кезде Арысқа жетіп қалған. Сол сәтте Уәкеңнің әйелі Динаға хабарласқан. Ол қатты жылап, сөзін дұрыс жеткізе алмай қалған. 

«Жұлдызай әперген тотықұс өлді» дегені Уәлибек ағаның келіншеніне «Жұлдызай өлді» деп естілген ғой. Жанар әпке шошып, «Қашан?» десе, «Білмеймін, үйге келсем өліп жатыр» деп жауап берген Дина. Солай Уәлибек аға көлікті бұрып, қайта артқа қайтқан. Сол кезде ағамыз үйге жеткенше өз-өзіне келе алмағанын айтты. Аяғы дірілдеп шыға алмаған. Бесінші қабатқа көтерілсе, есік ашық тұрған.

«Кіре алмай, тұрып қалдым» деді. Солай кіріп, жағдайды білген. Үйге келе жатқанда Уәлибек аға маған хабарласқан екен. Жолда болған соң желі ұстамаған. Ол кісі мені шынымен өліп қалды деп ойлаған. Сонда Уәкеңнің маған деген жанашырлығын ерекше сезіндім. Ол кісі маған әке болды ғой», - деді Дүйсенбиева. 

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды