1829

15 жылдан кейін «Шаншарға» қайта оралған Жұлдызай Дүйсенбиева эфирде жылап қалды (ВИДЕО)

Араға жылдар салып актриса «қара шаңыраққа» оралды.

15 жылдан кейін «Шаншарға» қайта оралған Жұлдызай Дүйсенбиева эфирде жылап қалды (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева 15 жылдан кейін «Шаншар» әзіл-ысқақ театрының сахнасына қайта оралды. Өнер иесі бұл ерекше сәттен алған әсерін айтып, сұхбат кезінде жылап қалды. 

Жұлдызай Дүйсенбиева «1001 түн» бағдарламасында қонақта болып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі өзін танымал еткен «Шаншар» әзіл-ысқақ театрының сахнасына қайта шығу ерекше сезім болғанын жасырмады. Актриса өзіне қолдау көрсеткен көпшілікке алғысын айтып, жылап қалды.

«Халықтың қошеметі ерекше болды. Сахнадағы сезімімді айта алмаймын. Оны өзің сезіну керексің. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осыған дейін осыны армандайтынмын. Ішімде эмоциям толып жатты. Қошемет көрсеткен кезде осы күнге дейін жасаған еңбегімнің еш кетпегенін түсіндім.

Халыққа сондай ризамын. Бәрін құшақтағым келеді. Мені сахнадан анам көріп, ол кісі де жылап қалды. Халыққа басымды жерге тигізіп тұрып, рақмет айтамын», - деді Дүйсенбиева.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор