Құрдымға апаратын құмар ойын: Заңды айналып өтетіндер бар

18.12.2024, 17:37
433
Құрдымға апаратын құмар ойын: Заңды айналып өтетіндер бар SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы биыл жазда қабылданған «Ойын бизнесі туралы» заңның әлі күнге дейін дұрыс жұмыс істемей жатқанына қапалы.

«Бүгінгі депутаттық сауалым құмар ойынның құдығына құлағандарды құтқаруға арналған қадамдар хақында. Иә 8 шілдеде «Ойын бизнесі туралы» Заң қабылданды. 9 қыркүйектен бастап күшіне енді. Тиісінше бәс тігіп опық жеген отандастарды оттан алыпқалдық десек болады. Заңға сәйкес лоторея билеттерін сату аумақтары шектелді, смсхабарлама арқылы ойынға шақыру, БАҚ құралдары мен сайттардағы букмекерлік кеңсе жарнамаларының жолы жабылды. Құмар ойын атаулы қаптың аузын бұлтартпастай буатын сәт жетті  дегенмен адамнан айла артылған ба? Көпшіліктің көз жасынан көп ақша тапқандар қазір заңды айналып өтудің әрекеттерін жасап бағуда», - дейді мәжілісмен.

Мәжіліс депутаты 6 мәселені анықтап, Үкімет басшысы Олжас Бектеновке сауал жолдады.

«Біріншіден, қолданыстағы Заңда көшеде, қоғамдық көлікте, билбордта құмар ойынға қатысты жарнама болмау керек деген норма бар. Дегенмен әкімдіктер аталған Заң талабын орындауға асығар емес.

Уәкілетті органның дерегіне сүйенсек, ШҚО әкімдігі заң күшіне 9 қыркүйекте енгеніне қарамастан, құмар ойынның жарнамасы жазылған билбордтарды қарашада ғана демонтаждаған. Ал Алматы мен Шымкент қалаларының,  Алматы, Маңғыстау, СҚО, Павлодар облысының әкімдіктері  құмар ойынды жарнамалаған нақты неше сыртқы жарнаманың көзі жойылғаны туралы ақпаратты құзырлы органға әлі бермейотыр. Сондай-ақ кейбір әкімдіктер «өңірімізде букмекерлік кеңселердің жарнамаобъектілері мүлдем болмаған» деп жауап беріпті. Мұның ақылға сыймайтыны анық. Букмекерлік кеңселердің жарнамасын жоймау Заң талабын орындамау ғана емес, тікелейхалыққа жасалған қастандық екенін ескеру керек. Сол себепті аталған облыстарда тиістітексеру жүргізіп, заңды белден басқандарға шара қолданылуы қажет, - дейді ол.

Екіншіден, Заңда букмекерлік кеңсені тек спорттық БАҚ-ы жарнамалай алады депжазылған. Алайда кей сайттар ресми түрде спорттық деп тіркелмесе де букмекерлерді жарнамалап ақша табуда. Іс жүзінде сайттарына кірсеңіз талқыламайтын тақырыбы жоқ. Осы ретте Заңның орындалуын қатаң бақылауға алу керек.

Үшінші мәселе, Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше 2021 жылыбукмекерлік қызметке 38 лицензия, тотализатор қызметіне 8 лицензия берілген. Бірақ 2023-2024 жылдардағы тексеру кезінде тек 18 букмекер мен 7 тотализатор ғана тиістілицензиямен жұмыс істеп тұрғаны анықталды.  Басқа лицензияларды кәсіп иелеріжасырын ұстайды, тиісінше бір лицензиясын жапсаң екінші лицензиясымен жұмысын жедел жалғастырып кетеді. Тағы бір түйткіл, букмекерлік лицензия алған кәсіпкерлер одантапқан табысын жасыру үшін ақшаны жылжымайтын мүлікті жалға беруден, инвестициялық түсімнен таптық деп жалтарады. Букмекерлік лицензия алған адам солкүннен бастап тек қана букмекер ретінде жұмыс істеуі тиіс. Егер лицензия пайдаланылмайжатса уәкілетті орган оны қайтарып алуы қажет, - дейді Нартай Сәрсенғалиев.

Төртінші мәселе, бәс тігу арқылы ұтысқа ие болған азаматтар «ақшамызды ала алмадық» деп арызданып жүр. Букмекерлік кеңседе ойнап ұтқан азамат белгіленгентәртіпке сәйкес 10 күн ішінде ұтысын алуы керек. Ал букмекерлер сол уақытта ұтысын бермей қойса адамдар қайда барып шағымданарын білмейді. Себебі азаматтық кодекстетиісті норма қарастырылмаған. Сәйкесінше сот мұндай шағымдарды қараудан бас тартадыекен. Бұл мәселені де азаматтардың құқығы сотта қорғалатындай қылып шешу қажет.

Бесінші мәселе, құмар ойын ойнауға тыйым салынған азаматтардың тізімін толықтыру керек. Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінде тиісті тапсырма берілді. Соған сәйкес сотталған, бірақ бас бостандығынан айрылмаған азаматтарға құмар ойын ойнауға тыйымсалу қажет. Бұл лудомандардың бәс тігетін ақша іздеп тағы да қылмыс жасамауы үшін керек.

Алтыншы мәселе, қазір бізде құмар ойын ойнауға тыйым салынған азаматтардың тізімі бар. Оған борышкерлердің бірыңғай тізіміндегілер, өз-өзін шектегендер мен құмар ойын ойнауға шектеу қойылған адамдар кіреді.  Бұл 3,5 миллионнан астам қазақстандық. Заңның қалыбы қатаң боп қабылданғанмен іске асыруға келгенде сылбырлық байқалады. Салдарынан шектеу қойылған азаматтар әлі күнге емін-еркін құмар ойын ойнап жүр. Осы үлкен кемшілікті түп тамырымен жою үшін Әділет министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Қаржы министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің арасындағы ақпарат алмасу жұмысын тезірек интеграция жасау қажет. Біртұтас жүйе болмай жұмыс өнбейді», - дейді мәжілісмен.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды