Қар басқан орындықтар: Орталық стадионды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында шаһар басшысына «Астана» мен «Челси» матчындағы келеңсіз жағдайдан кейін мегаполистің халықаралық имиджі түспеді ме?» деген сауал қойылды.
Қала әкімі Ерболат Досаев аталған кездесуге 21 мыңға жуық адам қатысқанын атап өтті.
«Естеріңізде болса, біз кешірім сұрадық. Матч басталған кезде стадионның шығыс секторындағы 6 қатардағы орындықтар арасында уақтылы тазалау жүргізілмеді. Орталық стадионның менеджменті тиісті жұмыстарды атқармады, сондықтан шараларқабылданды», - деді Ерболат Досаев.
Қала әкімі ағылшын командасы мен УЕФА тарапынан сұрақтар мен шағымдар болмағанын атап өтті.
«Келесі жылы біз Орталық стадионды жаңартуды бастаймыз. Орындар саны 32 мыңға дейін кеңейтілмек. Стадион барлық стандарттарға сай болады, бұл жабық алаң болады. Бүгінгі таңда тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы келісімшарттың жаңа жүйесі бойынша даму тұжырымдамасы бекітілді. Жоғары кубоктарды еуропалық және әлемдікдеңгейде өткізуге болады. Сонымен қатар, мен Орталық стадионның басшылығынан сапалы жұмыс жасалуы үшін оларға көмектесетін компанияларды қосымша жалдаудысұрадым. Ал ойынға келсек, ағылшын командасы мен УЕФА тарапынан шағым келіптүскен жоқ», - деді Е. Досаев.
Материал авторы