496

Елімізде электр желілері әбден тозып тұр

Қазақстанда электр стансалары мен электр желілері жабдығының 70%-ға жуығы жаңғыртуды қажет етеді.

Елімізде электр желілері әбден тозып тұр
freepik.com

- Электр энергетика саласының орнықты дамуы, энергетикалық қауіпсіздікті арттыру және еліміздің Орталық Азия өңіріндегі ұстанымын нығайту үшін маңызды.

Бүгінде ЖІӨ-нің 8%-дан астамын құрайды және өткен жылы электр энергиясын өндіру көлемі 110 млрд кВт-тан асты. Сонымен қатар, электр стансалары мен электр желілері жабдығының 70%-ға жуығы жаңғыртуды талап етеді, - деді Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс елордада «Электр энергетика саласындағы отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстелде.

Материал авторы