«Қазақмыс» Сәтбаевта ереуілге шыққан шахтерлердің жалақысын көтеруден бас тартты

19.12.2024, 12:10
647
«Қазақмыс» Сәтбаевта ереуілге шыққан шахтерлердің жалақысын көтеруден бас тартты бейнежазбадан алынған кадр

Елде жұмысшылардың ереуілі көбейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазғантүстіметал өндірістік бірлестігіне кіретін Оңтүстік-Жезқазған және Жыланды кен орындары жұмысшыларының талаптарына жауап беріп, жалақыны өсірмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

17 желтоқсанда Ұлытау облысындағы "Оңтүстік Қазақстан" кенішінің №65 шахтасының қызметкерлері ереуілге шыққан. Олар алдымен жалақыны 30%, біраз уақыттан кейін 100% көтеруді сұрады. "Қазақмыс" баспасөз қызметі корпорацияның бас директоры мен кәсіподақ өкілдері жұмысшылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін мәлімдеді.

"Кездесу барысында олар "Жезқазғантүстіметал" компаниясында ең төменгі жалақы 363 мың теңге (жөндеу-механикалық мамандандырылған басқарманың тазалаушысы), медианалық жалақы 650 мың теңге екенін атап өтті. Бұл ретте Ұлытау облысындағы медианалық жалақы 404 105 теңге, ал Қазақстан бойынша орташа жалақы екі есе аз, яғни 285 677 теңге", – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Дегенмен корпорацияның 200-ден аса қызметкері жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шыққаннан кейін басшылық жалақыны көтеруге уәде берген еді.

"Индексация ұлттық статистика бюросы 2024 жылға бекіткен инфляция деңгейіне сәйкес жүргізіледі. Жалақы 8,5%-ға артқан жағдайда корпорация бойынша орташа жалақы 822 мың теңгеге (2024 жылы – 730 431 теңге) жетеді. Ал жер астындағы мамандар үшін 1 303 000 теңге болады (2024 жылы – 1 202 000 теңге). Жалақының одан әрі күрт өсуі аймақтармен және саламен салыстырғанда үлкен айырмашылық туғызыда. Соңында компанияның кейбір кеніштерінің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, оларды тоқтап қалуға әкеледі", – деп есептейді корпорация.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді