Есірткіге еліктегендер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

19.12.2024, 14:16
448
Есірткіге еліктегендер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Сенат депутаттары есірткі мен психотроптық заттардың, прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтуге бағытталған заң жобасын екі оқылымда қарап, мақұлдады.

Заң жобасын таныстырған сенатор Наурызбай Байқадамов бұл құжат «есірткі көмушілер» мен оларды қылмысқа итермелейтіндердің арасындағы қылмыстық жауапкершілікті ажырату үшін әзірленгенін еске салды. 

— Қылмыстық кодекстің 297-бабында есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестердіөткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу қылмыстарының бірқатары үшін жаза мерзімдері 2 жыл мерзімге, ал кейбіріне — 3 жыл мерзімге төмендету арқылы өзгертіледі. Аталған қылмыстар үшін мүлiктi тәркiлеу жазасы сақталады. Қылмыстық кодекс жаңа 297-1-баппен толықтырылады. Яғни, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен есірткі және есірткітектестерді өндірушілердің жазасын бас бостандығынан айыру мерзімін өмір бойына дейінұлғайту арқылы күшейтіледі, — деді депутат.

Ал 297-1-баптың қылмыстарын қызмет бабын пайдаланып жасаған лауазымды адамдарға мүлкін тәркілеу, он бес жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

— Заңда Қылмыстық кодекстің 301-бабын толықтыру арқылы, елдің ішінде күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы мен өндірісі үшін жауапкершілік белгілеу көзделеді. Қазіргі уақытта олардың контрабандасы үшін ғана жауапкершілік қарастырылып келді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне күшті әсер ететін зат ұғымы енгізіледі. Профилактикалық мақсатта есірткі, психотроптық заттарды, солтектестерді, күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тыйым салу белгіленеді, — деді сенатор.

Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО)