«Жаңа Қазақстан»: Марқұм Шерзат Болатқа рэп арнаған блогер бұзақылық жасады деп айыпталды (видео)

Аиса Махамбет Редактор
19.12.2024, 17:55
758
«Жаңа Қазақстан»: Марқұм Шерзат Болатқа рэп арнаған блогер бұзақылық жасады деп айыпталды (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Рэп айтқаны үшін айыппұл арқалады. Енді оның рэпіне сараптама жасалмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі блогер Кәрім Асылбеков марқұм Шерзат Полатқа рэп арнағаны үшін айыппұл арқалады.

Ол рэп мәтінінде Қазақстанда жемқорлық өршігенін, шындықты айтқандар қудалауға түскенін айтқан. Осы үшін полиция "балағат сөз айтты" деген айып тағып отыр екен. 

Талдықорғандық Кәрім Асылбековтің үстінен полиция Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "ұсақ бұзақылық" бабымен хаттама толтырыпты. Ақпаратты блогердің өзі Instagram парақшасында мәлімдеді. Ол "айыппұл салынатыны өкінішті" дейді.

Блогер рэпті Жетісу облыстық әкімдігі алдындағы алаңда тұрып айтқан. Ол рэпті әлеуметтік желіге 13 желтоқсанда жариялаған. Алайда қазір Instagram парақшасындағы жазбаны өшіріп тастады. 

"Тректі сараптамаға жіберді. Шынымен ішінен балағат сөз тапса, айыппұл төлеуім керек. Маған шамамен 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін екенін айтты. Бұл 18-25 мың теңгенің айналасында. Өкінішті, тек қолдау ниетім болған”, – деді ол. 

Оның айтуынша, сот шешімі әлі шықпаған. Құқық қорғау органы қызметкерлері оны осымен екінші рет шақырып отыр екен.

"Бірінші жолы, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында полицияға шақырып, "түсіндіру" жұмысын жүргізді. 16 желтоқсан – бізде, Қазақстанда мереке. Құқық қорғау органдары күшейтілген режимге көшкен. Тректерім жалған ақпарат пен түсініксіз пікірлер көбейген кезде шығып отырғандықтан түсіндіру жұмысын жүргізді", – деді блогер.

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Жетісу облыстық полиция департаментінен пікір сұраған.

“Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында Талдықорған тұрғынының парақшасында жарияланған видео бойынша ұсақ бұзақылық фактісі анықталды. Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ полиция қоғамдық орындарда балағат сөздерді қолдануға болмайтынын еске салды.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады