696

«Алдымен тәртіпті дұрыстаңдар»: Танымал актриса әскерге жастарды көшеден күштеп әкетіп жатқандарға ашуланды

ҚорғанМин әскерге шақырылғандарды полиция мәжбүрлеп жеткізуге құқылы екенін ескерткен.

«Алдымен тәртіпті дұрыстаңдар»: Танымал актриса әскерге жастарды көшеден күштеп әкетіп жатқандарға ашуланды
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал блогер Әсел Асқар көшеде жүрген жастарды күштеп әскерге әкетіп жатқандарға шүйлікті. 

Желіде жастарды әскерге көшеден ұстап әкетіп жатқан видео тараған еді. 

“Әскерге күштеп апаруды қалай атайды?! Сұмдық! Мынадай жағдайдан кейін ұлымды әскерге жібермеймін. Алдымен тәртіпті дұрыстап, ретке келтірсін! Бәлкім сол кезде мынадай күйде ұятқа қалмайсыңдар!”, – деп жазды блогер. 

Еске салайық, Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандарды полиция мәжбүрлеп жеткізуге құқылы екенін ескерткен еді. 

“Рейд кезінде кей азаматтар ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетіп жатады. Мұндай жағдайда полицей оларды мәжбүрлі түрде ұстап, шақыру пунктіне жеткізуді жүзеге асыруға құқылы. Шақыру комиссиясы жеткізілген адамдардың мәртебесін сол жерде анықтайды. Мерзімді әскери қызметке шақыруға негіз болмаған жағдайда оларды үйіне жібереді”, – деп түсіндірген еді жауапты орган. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор