664

Сирияда қазір қанша Қазақстан азаматы бары белгілі болды

Министрлік неліктен қазақ азаматтарының елге оралмай отырғанын айтып, мәлімдеме жасады.

Сирияда қазір қанша Қазақстан азаматы бары белгілі болды
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Сыртқы істер министрлігі кейбір қазақстандықтардың неліктен тұрақсыз саяси жағдайда қалуды таңдағанын түсіндірді. Бұл туралы Kazinform жазды.

Сыртқы істер министрлігі бүгін Сирияда еліміздің 33 азаматының қалғанын хабарлады. Олар негізінен кезінде Сирия азаматтарына тұрмысқа шығып, дүниеге бала әкелген қазақ әйелдері.

— Осы республикада төңкеріс басталған кезде біздің консул олармен байланысқа шығып, үйлеріне қайтқылары келе ме деп сұрады. Қазақстанға қайтқысы келетіндер қазір елде. Дипломаттар қалғандарымен тұрақты байланыста, — делінген СІМ мәлімдемесінде.

Бұған дейін жаңа билік сириялықтарды отанына оралуға шақырғанымен, халықаралық ұйымдар елдегі жағдай өте ауыр күйінде қалып отыр деп дабыл қаққаны хабарланған болатын.

Материал авторы