«Қазақмыс» шахтерлерінің ереуілі: Еңбек министрлігі жұмысшыларды еңбек заңнамасын бұзды деп айыптады

20.12.2024, 12:04
690
«Қазақмыс» шахтерлерінің ереуілі: Еңбек министрлігі жұмысшыларды еңбек заңнамасын бұзды деп айыптады бейнежазбадан алынған кадр

Министрлік ереуілшілер заң бұзғанын айтты. Олар компания мен жұмысшыларды татуластырмақ ниетте.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жезқазғантүстімет" өндірістік бірлестігінің ереуілге шыққан жұмыскерлерінің еңбек заңнамасының нормаларын бұзғанын мәлімдеді. Компания жұмысшыларды жұмысқа қайта кірісуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Осы жылдың 17-18 желтоқсанында "Жезқазғантүстімет" ӨБ бірнеше шахтасының жұмыскерлері жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысты тоқтатқан еді. Бастапқыда кеншілер жалақыны 30%-ға көтеруді талап етсе, кейін 100%-ға көтерсін деп талап қойды. Олар айлықтарын көтермесе, жұмыс істеуден бас тартты. 

Жұмысшылардың бұл әрекеті еңбек заңнамасында көзделген талаптарды ұсыну тәртібін және оларды жұмыс берушінің қарау ретін бұзды.

“Жалақыға келер болсақ, жұмыс беруші 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтерудің екі нұсқасын ұсынды. Біріншісі, 8,5%-ға индекстеу және өндірістік жоспарды орындағаны үшін 50 АЕК мөлшерінде қосымша төрт тоқсандық сыйлықақы (2025 жылы – тоқсан сайын 196 мың теңге) беріледі. Екіншісі, жалақыны 15,6%-ға индекстеу”, – деп мәлімдеді “Қазақмыс”.

Еңбек кодексіне сәйкес қолданыстағы тәртіп ойынша жұмысшылар өз талаптарын жұмыс берушіге ресми жолдап, оларды жұмыс берушімен қарайды. Ал шешілмеген жағдайда мәселе татуластыру комиссиясында қаралады.

Жұмысшылардың талаптарын қарау кезінде өндірістік процесті тоқтата алмайды. Компания заңнамада белгіленген тәртіпті сақтамау тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертті.

Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тараптарды татуластыру комиссиясы шеңберінде және тек құқық аясында татуластыру рәсімдерін жүргізуге және жұмысқа қайта кірісуге шақырды.

Министрлік жұмысшыларға жұмыс берушіге қойылатын талаптарын белгіленген тәртіппен талқылауды ұсынады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды