1708

«Бастықтармен танысып қайттым»: Жеті тәулікке қамауға алынған Амилай бостандыққа шықты

Ұсақ бұзақылық үшін істі болып, жеті тәулікке қамалған Амилай бостандыққа шықты.

«Бастықтармен танысып қайттым»: Жеті тәулікке қамауға алынған Амилай бостандыққа шықты
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі жұлдызы қолдау білдірген оқырмандарына алғыс айтты. 

“Достар, мен шықтым. Бәрі жақсы өтті. Ол жақта ешкім тиіскен жоқ. Өйткені мен Егер маған тиісетін болсаңыздар, бәрін шулатамын“ деп қорқыттым. Сол үшін ешкім жоламады. Бастықтармен танысып қайттым. 85-90 жылғы жігіттер екен.

Мені ұстаған полициялар ғой, нағыз қанішерлер. Жүйкеге тиеді екен. Түрме қызметкерлері сыпайы әрі барлығын түсіндіреді. Көзімнің қызарғаны қайтпай жатыр. Соны уайымдап отырмын. Сол жақтан вирус жұқтырып келген екенмін. Окулистке қаралып, ем алып жатырмын”, – деді желі жұлдызы. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор