Ақтөбе облысында аязда баланы жартылай жалаңаш көшеге алып шыққан әйел желідегілерді ашуландырды

Аиса Махамбет Редактор
20.12.2024, 13:50
839
Ақтөбе облысында аязда баланы жартылай жалаңаш көшеге алып шыққан әйел желідегілерді ашуландырды бейнежазбадан алынған кадр

Баланың үстінде тек футболка мен іш киім ғана.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Ақтөбе облысында аязда баланы жартылай жалаңаш көшеге алып шыққан әйелдің видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Ақтөбе облысы Хромтау қаласының тұрғындары аязда баланы жартылай жалаңаш далаға алып шыққан әйелдің әрекетіне шағымданды. Әйелдің өзі қыстық киім киіп алған ал баланың үстінде футболка мен іш киім ғана.

“Видеода жанынан өтіп бара жатқан әйелдің “қатып қалатын болды ғой” дегеніне әйел "қатып қалсын” деп жауап берген”, – дейді желідегі куәгерлердің бірі.

Біреулер балаға деген мұндай көзқарасты қатыгездік деп бағаласа, енді бірі тиісті органдардан жағдайды тексеріп, әйелді жазалауды талап етті.

Видеодағы әйелдің Әлмира Назарова екені белгілі болды. Ол адамдарды прокуратураға арыз жазамыз деп қорқытқан.

"Оны ешкім көшеге шығарып жіберген жоқ. Бала қашып кеткен жерінен ұсталып, үйіне жеткізілді. Ешкім сіздің пікіріңізді сұрамады", — деп жазды Альмира Назарова.

Ал Хромтау полициясы бұл ақпарат тексерілетінін мәлімдеді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды