Еліміздің 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21.12.2024, 09:30
669
Еліміздің 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Sputnik / Абзал Калиев

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» мамандары 21 желтоқсанда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Түнде Ұлытау облысының шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда да түнде жаяу бұрқасын жүреді.

Түнде Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оралда да түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман түседі деп күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Қызылорда да көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын жүреді. Батыстан шығысқа ойыса жел соғады, облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте, сондай-ақ  Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. 

Абай облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түеді. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с болады деп күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан  солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда тұман болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түнде екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарда тұман болады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, қарлы қатқақ, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Алматыда, Қонаевта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды