«Анамнан айырмаңыздаршы»: Қаржаубай Нұрымовтың жиені қамауға алынған анасына араша сұрады (ВИДЕО)

21.12.2024, 12:30
896
«Анамнан айырмаңыздаршы»: Қаржаубай Нұрымовтың жиені қамауға алынған анасына араша сұрады (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Марқұм Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймованы митингіге үндегені үшін қамаған еді. Енді оны елден қууы мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Бақыт Реимова "митингіге үндегені үшін" 15 тәулікке қамалып, елден қуылған болатын. Осыған байланысты желіде оның ұлының мемлекет басшысына үндеуі тарады. Үндеуде ол анасын елде қалдыруды сұраған. 

Видеоүндеу журналист Жан Ахмадиевтің Instagram-дағы парақшасында жарияланған.

"Менің анамды сот 15 тәулікке қамап, Қазақстан аумағынан шығару туралы үкім шығарған болатын. Менің анам – менің жалғыз асыраушым. Мен кәмелет жасқа толмаған баламын, 11 сыныпта оқимын. Анамның да менен басқа ешкімі жоқ. Мені анамнан айырмауларыңызды сұраймын. Менің анамның Қазақстаннан басқа барар жері жоқ. Біз қазақпыз! Анам да, мен де қазақ! Мен өзімнің елім үшін қызмет еткім келеді. Егер сот анамды Қазақстан аумағынан шығаратын болса, мен оны бес жылға дейін көре алмаймын. Үкімді өзіңіз қайта қарауыңызды сұраймын", - деді Мейірбек Бақытұлы. 

Бұған дейін Нұрымовтың қарындасы Бақыт Реимова "митингіге үндегені үшін" 15 тәулікке қамалған еді. Бұған қоса, Бақыт Қазақстан азаматы болмағандықтан, сот оны Қазақстаннан депортациялау жөнінде шешім шығарған. Сонымен бірге Нұрымовтың тағы бір қарындасы Салтанат Нұрымоваға "бұзақылық" үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды