«Танымал адамдарды бопсалаған»: Атышулы QirSabyn анонимді Telegram-арнасын құрғандар қамауға алынды

Аиса Махамбет Редактор
21.12.2024, 13:13
408
«Танымал адамдарды бопсалаған»: Атышулы QirSabyn анонимді Telegram-арнасын құрғандар қамауға алынды жеке мұрағатынан

Атақты адамдарды бопсалап ақша талап етті деген деректер пайда болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде QirSabyn Telegram-арнасында жалған ақпарат жариялауға қатысы бар адамдардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, аты аталған Telegram-арна жүргізушілері атақты адамдар туралы материалдар жариялап, олардан ақша бопсалаған. 

"Тергеу деректері бойынша 18 желтоқсанда схеманың артында тұрғандар анықталды. QirSabyn Telegram-арнасының үстінен екі адам арыз жазған. Олардың бірі ірі құрылыс компаниясы иесінің әйелі, екіншісі – жоғары лауазымды адамның ұлы. Екі арыз да бір өндіріске біріктіріліп, іс "Аса ірі көлемде бопсалау" бабы бойынша сараланған. Тергеу Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық жедел-тергеу тобына жүктелді. Ал оларға Қаржы мониторингі агенттігі де қол ұшын созды, –дейді журналист. 

Сондай-ақ журналист тергеушілердің Telegram-арна иелерін ұстау үшін арнайы жоспар құрғанын мәлімдеді. 

"Тергеушілер алдын ала ақша дайындап жәбірленушілерге берген. Екі жәбірленуші QirSabyn Telegram-арнасы өкілдерінен материалды алу үшін үлкен соманы төлеген. Осылайша тергеушілер Telegram-арна өкілдерінің соңына түскен. Нәтижесінде жеті адам анықталды. Үш адам ақпарат жазып, ақша алып отырған. Ал екеуі арна құрушысы. Бір адам схеманы ұйымдастырушы және оның жанында көмекшісі болған", – дейді журналист. 

Аталған жағдайға қатысты Бас прокуратура пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, адамдардан ақша бопсалаған топ ұсталды. 

"18 желтоқсанда Бас прокуратураның үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен және Қаржы мониторингі агенттігінің мамандандырылған бөлімшесімен бірлесіп, Астана және Қарағанды қалаларында QirSabyn телеграм-арнасы арқылы шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялау қауіпімен ақша бопсалаған адамдар тобы ұсталды. Шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, техникалық құралдар, ірі көлемдегі ақша сомасы және өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Telegram-арнаның әкімшілері соттың санкциясымен қамауға алынды. Қажет тергеу және жедел іс-шаралар жалғасып жатыр", – делінген хабарламада. 

Бас прокуратура тергеу аясындағы өзге ақпарат жария етілмейді деп айтты. 

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды