Алматыда жолды жауып, намаз оқыған 30-дан астам адам жазаланды

Аиса Махамбет Редактор
21.12.2024, 19:50
859
Алматыда жолды жауып, намаз оқыған 30-дан астам адам жазаланды Sputnik / Табылды Кадырбеков

Намаз оқу үшін жолды жауып, басқа адамдарға зиян келтіруге болмайды дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласында жолды жауып, намаз оқыған 30-дан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Dalanews.kz жазды.

Полиция департаменті жол қозғалысына кедергі келтіру, қандай жағдайда болса да, Қазақстан заңнамасына қайшы әрекет екенін және бұл үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

“Заң талаптарын бұзған 30-дан астам азаматқа Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 614-бабы (“Көлік қозғалысына кедергі жасау”) бойынша шара қолданылды. Полиция департаменті тұрғындарды заңға құрметпен қарауға және мұндай құқық бұзушылықтарға жол берілмейтінін еске салады”, — делінген ведомствоның баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда бір топ адам жолдың адамдар жүретін бөлігінде намаз оқып, көлік қозғалысын тоқтатып, кептеліс тудырған еді. Осыған байланысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді. Олардың мәліметінше, бұл жағдай Медеу ауданында болған.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, азаматтарға құқық бұзушылықтың жауапкершілікке әкелетінін түсіндірді. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан өзге Алматы қалалық полиция департаменті жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Тиісті шаралар қабылданады. Сонымен бірге, Алматы қалалық полиция департаменті "Заң және тәртіп” принципін еске салып, азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтауға шақырады. Кез келген себеппен жолды жабу – жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады және ӘҚБтК-нің 614-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады", — делінген хабарламада.

Аталған оқиғадан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жолда намаз оқуға тыйым салынатынын мәлімдеген болатын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі намаз оқу үшін жолды жауып, басқа адамдарға зиян келтірудің жөнсіз әрекет екенін ескертті.

Намаз оқу үшін жолды жауып, басқа адамдарға зиян келтіруге болмайды. Сол себепті сіздерді намазға ертерек келуге, арнайы белгіленген орындарда отыруға, жолдарды жаппауға, көліктерді рұқсат етілген жерлерге қоюға және тәртіп пен талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз, – делінген басқарма хабарламасында.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды