Шымкентте жаңа қосылған шырша өртеніп кете жаздады

Аиса Махамбет Редактор
21.12.2024, 18:26
675
Шымкентте жаңа қосылған шырша өртеніп кете жаздады бейнежазбадан алынған кадр

Шырша жарығы қосыла сала, жанып кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте жаңа қосылған шыршалардың бірінен түтін шығып, өртеніп кете жаздады. 

Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілікте тұрған қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрт 4 минут ішінде оқшауланып, толықтай сөндірілді.

Өрт сөндірушілердің арқасында зардап шеккендер мен жарақат алғандар болған жоқ.

“ТЖМ жаңа жылдық мерекелермен байланысты іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа жылдық безендіруге 80 миллион теңге, соның ішінде әр ауданға 16 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалатынын айтқан еді. Оған қоса әкімдік бұрын алынған шыршалар мен безендіруге арналған бұйымдарды қайта қолданбақ.

Шымкентте 5 әкімшілік аудан бар. Салыстырсақ, былтыр Шымкентте безендіруге 74 миллион теңге, ал мерекелік іс-шараларға 36 миллион теңге жұмсалған.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды